Accessibility links

Төрт жарым айдан соң Ауғанстанда сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды


Ауғанстанның президенті Ашраф Ғани.

Былтыр 28 қыркүйекте өткен президент сайлауының ресми қорытындысы бойынша, қазіргі президент Ашраф Ғани 50,64 пайыз дауыс алып, екінші мерзімге сайланды. Ауғанстанның сайлау комиссиясының өкілдері 18 ақпанда Кабулда өткізген баспасөз жиынында осылай деді.

Премьер-министр Абдулла Абдуллаға сайлаушылардың 39,52 пайызы дауыс берген. 3,85 пайыз дауысқа ие болған бұрынғы командир Гульбеддин Хекматияр дауыс саны жағынан 15 кандидаттың арасында үшінші орынға ие болды. Сайлауға өте аз адам қатысты, сайлау кампаниясы кезінде Ғани мен Абдулла жақтастары арасында кикілжің болды.

Ресми дерек бойынша, сайлауға 1,8 млн адам қатысқан. 35 миллион халқы бар Ауғанстанда сайлау учаскесіне 9,6 миллион адам тіркелген.

Сайлау комиссиясы қарашада дауыс нәтижесін қайта санауға кіріскенде Абдулла қарсы болып, бақылаушыларын қатыстырмайтынын айтқан. Қарашада Кабулда Абдулла жақтастары наразылық шарасын өткізіп, дауысты қайта санауға қарсы шыққан. Оның жақтастары сайлау комиссиясы Ғаниге жақтасады деп санайды.

2014 жылғы президент сайлауы кезінде алаяқтық туралы айыптаулар негізгі кандидаттар Ғани мен Абдулла арасындағы жағдайды ушықтырды. АҚШ араағайындық жасап, соның арқасында тараптар билік бөлінісі туралы келісімге келді.

Оқи отырыңыз: Ауғанстандағы президент сайлауында Ашраф Ғани жеңіске жетті

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Карантин һәм лық толы автобус
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:15 0:00
XS
SM
MD
LG