Accessibility links

Шымкентте қарумен әскерден қашқан солдаттың ұсталғаны хабарланды


Қазақстан ішкі істер министрлігі Шымкент қаласына жақын маңдағы әскери бөлімшеден қару-жарақтармен қашып кеткен 26 жастағы кіші сержант Абылай Балғынбайдың ұсталғанын хабарлады.

Солдатты ұстау операциясын ІІМ мен ҰҚК жедел іздестіру тобы жүргізген.

Министрлік хабарламасында кіші сержанттың әскери бөлімшеден қашуына не себеп болғанын ашып айтпаған.

19 ақпаннан 20 ақпанға қараған түні Шымкент маңындағы әскери бөлімшелердің бірінде келісімшартпен қызметін өтеп жүрген кіші сержант 24 жастағы Абылай Балғынбай қашып кеткені хабарланған. Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ол өзімен бірге қару-жарақтар да алып кеткен.

Бас әскери прокуратура қару-жарақ жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

20 ақпанда WhatsApp мессенжерінде Шымкент маңындағы Балам ауылында орналасқан №10216 әскери бөлімшеден солдат қашып кеткені жайлы хабарлама тараған. Онда әскерден қашқан кіші сержант өзімен бірге 30 Калашников автоматын, 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ алып кеткені айтылған.

Қорғаныс министрлігі кіші сержант Абылай Балғынбайдың өзімен қанша қару-жарақ әкеткенін айтпады.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Днепрде вирустан қайтыс болуы мүмкін адамдарға қабір қазып қойды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00
XS
SM
MD
LG