Полиция "ҚДТ митингісіне келген" адамдарды ұстап жатыр. Алматы, 22 ақпан 2020 жыл.
Түскі сағат 15.00 шамасында Алматыда "ҚДТ митингісіне байланысты" ұсталғандар саны жүзге жуықтады деп хабарлады оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі.
Мұнда полиция "Астана" алаңын жауып, "митинг орнына" жібермегеннен кейін жиналғандар бірте-бірте Панфилов көшесі бойымен төмен қарай ығысқан. Полиция мұнда да "белсенділігімен көзге түскен" азаматтарды ұстады. Олардың кейбірі "Шал кет!", "Оян, Қазақстан" деп айқайлады. Азаттық тілшісі осы жерде түстен кейін жүзге жуық адамның ұсталғанын көрді.
Алматыдағы митингіге Оралдан арнайы келгенін айтқан арбамен жүретін Ерік Жұмабаев есімді азамат полицияны "халық жағына шығуға" шақырып, оларды ұстауға қарсылық білдірді. Жарты сағаттан кейін полицияның нұсқауымен оны жедел жәрдем көлігімен алып кетті.
Құқық қорғау орган қызметкерлері жасы үлкен-кіші, ер-әйел демей "белгісіз адамдар" нұсқаған адамдарды қолтықтап, автозакқа отырғызды. Кейбірі қарсылық көрсетуге тырысқанмен арнайы жасақ өкілдері оларды күшпен апарып, автозакқа итеріп кіргізіп отырды. Толған автозактар жүріп жатты.
Полиция "ҚДТ митингісіне келген" адамдарды ұстап жатыр. 22 ақпан 2020 жыл.
Сәлден соң полиция бұл аумақты толық бақылауға алды. Ары-бері өткен адамдарға "заңсыз шеру орны" деп басқа жолмен жүру қажеттігін айтты.
Түскі 16.00 шамасында полиция аумақты әлі күзетіп тұрды.
Әзірге ішкі істер министрлігі нақты қанша адамның ұстағанын хабарлаған жоқ.
Бұған дейін бұрынғы банкир, Қазақстан билігін сынаушы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов пен ол жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы 22 ақпан күні жақтастарын митингіге шақырған. Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы 2018 жылы елде "экстремистік ұйым" деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Ал Әблязов Қазақстан сотының шешімімен келіспейді. Еуропарламент 2019 жылғы наурыздағы резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.
Сенбі күні таңертең Алматыда полиция Әлия мен Мәншүк ескерткіші жанында митинг өткізіп, саясаткер Жанболат Мамайды босатуды талап еткен "Демократиялық партия" белсенділерін де полиция ұстаған еді.
Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев түстен кейін Азаттыққа Медеу аудандық ішкі істер басқармасында жиырма шақты "Демпартия" белсендісі отырғанын, оларға құқық қорғаушыны жібермей жатқанын хабарлады.
22 ақпанда Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларында полиция наразыларды ұстаған.
Билікке қарсы наразылық күні полиция адамдарды жаппай ұстады
1/16Алматыда полиция митинг өтеді деп жоспарланған "Астана" алаңына келген адамды ұстап әкетіп барады. Қазақстандағы екі оппозициялық топ - "Демократиялық партия" құруды жоспарлайтын бастамашыл топ пен елде қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (ҚДТ) 22 ақпанда билікке қарсы наразылық өткізетіндерін хабарлаған.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
2/16Алматыда полиция жоспарланған митингіге келгендердің бірін ұстап жатыр. ҚТД жетекшісі, бұрынғы банкир, шетте тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов митинг орындарын алдын ала белгілеген. ҚДТ Қазақстан сотымен "экстремистік" деп танылып, қызметіне тыйым салынған. 2019 жылы Еуропарламент резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
4/16Арнайы жасақ алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Ұсталғандар полиция әкетіп бара жатқанда билікке талаптарын айтып үлгерді. "Астана" алаңында интернет нашарлады.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
5/16"Демпартия" бастамашыл тобының жиынына келгендерді ұстап жатыр. 22 ақпанға қараған түні бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай "заңсыз митингіге шақырды" деген айыппен үш тәулікке қамалған. Сенбі күні "Демпартия" жақтастары алаңға келіп, Мамайды босатуды талап етті. Сол жерде полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
6/16Полиция Жанболат Мамайдың әйелі, "Жас Алаш" газетінің бас редакторы Инга Иманбайды ұстап, кейін қайта босатты. Осы аптаның басында бастамашыл топ билік "Демпартияның" құрылтай съезін өткізуге кедергі келтіріп жатыр деп мәлімдеген.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
7/16Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген адамды ұстап жатыр. Қалада сенбі күні полиция қарасы көбейіп, күзет күшейді. Митинг белгіленген маңда интернет жұмысы баяулады.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
12/16Ақтөбеде Орталық базарға барар тұста полиция кем дегенде он адамды әкетті. Полиция топталып тұрғандарды, дауысы шыға бастағандарды ұстады. Қалада полиция қарасы көбейді.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
15/16Шымкентте наразылық жоспарланған Тәуелсіздік саябағында жиырмадан астам адам ұсталды. Ұсталғандардың бірі полиция мен қарапайым киімдегілер әкетіп бара жатқанда "Шал, кет!", "Назарбаев биліктен кетсін!" деп айғайлады. Кейбір адамдар Тәуелсіздік саябағына әлеуметтік мәселелерді айтуға келгендерін жеткізді.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Түгел оқыңызҚысқарту
16/16Шымкентте Тәуелсіздік саябағында полиция күзеті күшейіп, жеке көліктерді өткізбеді. Осы маңда интернет жұмысы нашарлады. Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.