Accessibility links

Иран парламенті сайлауына дауыс берушілер күрт азайды


Иран президенті Хасан Роухани (ортада)
Иран президенті Хасан Роухани (ортада)

Иран халқы сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге шақырған билік үндеуіне белсенділік көрсетпеді. Ақпанның 21-іне өткен жалпыхалықтық сайлауға сайлаушылар мейлінше аз қатысты. 1979 жылы Ислам революциясы болып, Иран Ислам республикасы жарияланғаны бері мұндай болмаған.

Иран ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, сайлаушылардың 42,57 пайызы ғана дауыс берген. Бұл - 2016 жылғы сайлаудағы көрсеткіштен 20 пайыз аз.

Фарда радиосы сайлаушылардың аз келгені - діни клерикалды билік беделін айтарлықтай түсіреді деп жазды. Әсіресе, Тегеран сияқты үлкен қалаларды сайлаушылардың бәсеңдігі ерекше байқалған, мұндай қалаларда сайлаушылардың 20-30 пайызы ғана дауыс берген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG