Accessibility links

Трамп тәліптермен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін айтты


Ауғанстандағы АҚШ әскері. Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы бастапқы бітім сақталса, ауған тәліптерімен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді.

23 ақпанда Үндістанға сапары алдында журналистер сұрағына жауап берген Трамп "Біз оларды [тәлібтер] келісім жасасқысы келеді деп санаймыз. Біздің де келісім жасасқымыз келеді. Менің ойымша, болатын сияқты, көреміз", - деді.

Бұған дейін екі тарап "22 ақпан, түн жарымынан бастап зорлық-зомбылық деңгейін төмендететіні» жайлы хабарлаған.

Бұл бітім бейбіт келісімнің алғышарты болуы, әрі қарай Ауғанстаннан АҚШ әскері әкетілуі мүмкін. Трамп "19 жыл соғыстан Америка әскерінің елге оралатын уақыты болды" деген еді. Ауғанстанда жалпы саны 12 мыңға жуық АҚШ әскери контингенті орналасқан.

Ауғанстан ақпарат құралдары соңғы екі күнде тәліптер ауған әскерилері орналасқан жерлердегі бақылау-өткізу пункттеріне бірнеше ұсақ шабуыл жасағанын хабарлады.

АҚШ мемлекет хатшысы Майк Помпео 21 ақпанда, АҚШ пен "Талибан" қозғалысы Ауғанстандағы конфликтіні саяси тұрғыда реттеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG