Accessibility links

Журналист Инга Иманбай жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді

"Демократиялық партия" құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай мен оның әйелі, журналист Инга Иманбай ауруханада. Қаскелең қаласы, 1 наурыз 2020 жыл.
"Демократиялық партия" құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамай мен оның әйелі, журналист Инга Иманбай ауруханада. Қаскелең қаласы, 1 наурыз 2020 жыл.

Жұртты 1 наурызға Алматы әкімдігі алдына митингіге шақырған "Демократиялық партия" құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі, саясаткер Жанболат Мамайдың әйелі, журналист Инга Иманбай жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

Мамайдың сөзінше, 1 наурыз таңертең 11-ге таман "полицияданбыз" деген формасыз бірнеше адам өзін Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы үйінен шығып келе жатқанда ұстап әкетпек болған. Ал әйелі Инга Иманбай осы сәтті телефонына видеоға түсіре бастаған. Сол кезде "полицияданбыз" дегендердің бірі Иманбайдың қолындағы телефонын тартып алған. Мамайдың айтуынша, әйелі Инга Иманбайдың аяғы ауыр.

Ал Инга Иманбай үйге келгендердің бірі өзін итеріп жіберіп, басын темірге соғып алғанын айтады.

- Адам құқығы жөніндегі бюроның журналисі екенімді айтып куәлігімді көрсеттім. Үстімде журналист екенімді білдіретін күртеше де болды. Куәлігімді жыртып тастады. Телефонымды қайтарып алуға тырысқанымда қолымен қағып жіберіп, басымды темір қоршауға соқтым, – дейді ол.

Жанболат Мамай "полиция қызметкеріміз" деген адамдар формасыз жүргенін және үш көлікпен келгенін айтады.

Басын жарақаттағаннан кейін Инга Иманбай жедел жәрдем шақырып, Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.

Аурухана дәрігері Әсет Есқұлов Иманбайдың жарақаттанғанын растап, бірақ іштегі балаға қауіп төнбегенін айтты

– УЗИ жасалды. Гинеколог қарады. Басында ісік бар. Алдын ала қойған диагнозымыз – миы шайқалған. Бақылаймыз, үйге жіберуіміз де мүмкін, - деді дәрігер.

Инга Иманбай кешке қарай ауруханадан шығып үйіне келген.

Алматы уақыты бойынша, 19.30 шамасында Жанболат Мамайдың Facebook парақшасындағы тікелей эфирде екі адамның үйіне келіп, Инга Иманбайдың телефонын әкеп бергені байқалады. Иманбай телефонын қайтарып берсе де, итеріп жібергендердің үстінен жазған арызды алмайтынын, істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Нұр-Сұлтанның тергеу абақтысында азаматтық белсенді Дулат Ағаділ жұмбақ жағдайда көз жұмғаннан кейін Қазақстандағы оппозициялық топтар биліктің орнынан кетуді талап етіп, 1 наурызда облыс және қала әкімдіктері алдына наразылыққа шығатынын мәлімдеген. Жұртты билікке қарсы митингіге шақырғандардың арасында Жанболат Мамай бастаған "Демократиялық партия" құруды көздейтін бастамашыл топ, "Oyan, Qazaqstan" азаматтық қозғалысы және Respublika қозғалысы шақырған.

Оқи отырыңыз: 1 наурыздағы наразылық жайлы бар ақпарат

Бұдан бөлек, шетелде тұратын қуғындағы оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (ҚДТ) да жақтастарын 1 наурызда билікке қарсы наразылық шеруіне шығуға шақырған. Қазақстан билігі ҚДТ-ны "экстремистік ұйым" деп атап, оған тыйым салған, ал Әблязовтың өзін бизнес әріптесін өлтіруге тапсырыс беру, өзі жетекшілік еткен банктен ірі көлемде қаржы жымқыру, қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік ету тәрізді бірнеше ауыр қылмысқа айыптап, оған сырттай үкім шығарып, өмір бойына түрмеге кескен. Әблязов бұл айыптардың саяси астары бар деп мәлімдеп, оларды жоққа шығарған. 2019 жылы наурызда Еуропарламент қабылдаған қарарында ҚДТ "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған.

1 наурызда Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбеде полиция мен арнайы жасақ митинг өтеді деп жоспарланған жерден кем дегенде жүз адамды алып кетті.

"Соқыр мылқау танымас тірі жанды". 1 наурыздағы шеруде полиция жұртты қалай ұстады?

Алматыда полиция Республика алаңында наразылардың бірін ұстап әкетіп барады. Алматыдағы орталық көшелер мен алаңдар жабылып, интернет байланысы нашарлады.
1/24 Алматыда полиция Республика алаңында наразылардың бірін ұстап әкетіп барады. Алматыдағы орталық көшелер мен алаңдар жабылып, интернет байланысы нашарлады.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Полиция ұсталғандардың бірін автозакқа салып жатыр. Қазақстан билігі &quot;экстремистік&quot; деп таныған, Еуропарламент &quot;бейбіт оппозициялық қозғалыс&quot; деп атаған ҚДТ қозғалысы мен оның жетекшісі, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, билік сынаушысы Мұхтар Әблязов жұртты 1 наурыз әкімдіктер алдында билікке қарсы наразылыққа шақырған. Бұған қоса, осы күні билікті сынап жүрген&nbsp;&quot;Oyan, Qazaqstan&quot; ұйымы, &quot;Демократиялық партия&quot; құруды көздейтін бастамашыл топ пен Respublika қозғалысы да жұртты 1 наурызда митингіге шақырды.&nbsp;<br />
&nbsp;
2/24 Полиция ұсталғандардың бірін автозакқа салып жатыр. Қазақстан билігі "экстремистік" деп таныған, Еуропарламент "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған ҚДТ қозғалысы мен оның жетекшісі, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, билік сынаушысы Мұхтар Әблязов жұртты 1 наурыз әкімдіктер алдында билікке қарсы наразылыққа шақырған. Бұған қоса, осы күні билікті сынап жүрген "Oyan, Qazaqstan" ұйымы, "Демократиялық партия" құруды көздейтін бастамашыл топ пен Respublika қозғалысы да жұртты 1 наурызда митингіге шақырды. 
 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Азаматтық белсенді Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған соң елде билікке қарсы <strong><a href="https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-dulat-agadil-video-alleged-torture/30459097.html" target="_blank">наразылық күшейді.</a></strong> Біраз белсенді биліктің &quot;Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды&quot; дегеніне сенбейді. Белсендінің өліміне билікті айыптайтындар да бар.&nbsp;<br />
<br />
&nbsp;
3/24 Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін ұстап жатыр. Азаматтық белсенді Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған соң елде билікке қарсы наразылық күшейді. Біраз белсенді биліктің "Ағаділ жүрек талмасынан қайтыс болды" дегеніне сенбейді. Белсендінің өліміне билікті айыптайтындар да бар. 

 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Оппозициялық топтар 1 наурыздағы митингіде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ол былтыр наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған, алайда әлі де билікке ықпал ететін құқыққа ие) пен оның маңайындағылардың билікке араласпауын талап етпек болған.&nbsp;
4/24 Оппозициялық топтар 1 наурыздағы митингіде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ол былтыр наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған, алайда әлі де билікке ықпал ететін құқыққа ие) пен оның маңайындағылардың билікке араласпауын талап етпек болған. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін күштеп әкетіп барады. Билік 1 наурызға белгіленген шеруді заңсыз деп санайды. 28 ақпанда бас прокуратура демалыс күні митингіге шыққандар жазаланатынын ескерткен.&nbsp;
5/24 Алматыда полиция алаңға келгендердің бірін күштеп әкетіп барады. Билік 1 наурызға белгіленген шеруді заңсыз деп санайды. 28 ақпанда бас прокуратура демалыс күні митингіге шыққандар жазаланатынын ескерткен. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Алматыда полиция мен арнайы жасақ алаңға келгендердің бірін ұстап әкеткен сәт.&nbsp;Қала әкімдігі мен Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясы орналасқан жермен жапсарлас алаң мен көшелерде қозғалыс шектелген. Республика алаңы маңындағы кейбір дәмханалар жабық тұр.
6/24 Алматыда полиция мен арнайы жасақ алаңға келгендердің бірін ұстап әкеткен сәт. Қала әкімдігі мен Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясы орналасқан жермен жапсарлас алаң мен көшелерде қозғалыс шектелген. Республика алаңы маңындағы кейбір дәмханалар жабық тұр.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ Respublika қозғалысының мүшесі, белсенді Бэлла Орынбетованы әкетіп барады.&nbsp;
7/24 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ Respublika қозғалысының мүшесі, белсенді Бэлла Орынбетованы әкетіп барады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті әкімдікке таяу жерде тұрған Абай ескерткішінің жанында Азаттық тілшілерінің көзінше полиция 14 адамды ұстап әкетті.&nbsp;
8/24 Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті әкімдікке таяу жерде тұрған Абай ескерткішінің жанында Азаттық тілшілерінің көзінше полиция 14 адамды ұстап әкетті. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда наразылыққа келген белсенділер. Олардың бірі қолындағы плакатта қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңіндегі &quot;Соқыр мылқау танымас тірі жанды...&quot; деген жолды жазып алған.&nbsp;
9/24 Нұр-Сұлтанда наразылыққа келген белсенділер. Олардың бірі қолындағы плакатта қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңіндегі "Соқыр мылқау танымас тірі жанды..." деген жолды жазып алған. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Арнайы жасақ плакат ұстағандардың бірін әкеткен сәт.
10/24 Арнайы жасақ плакат ұстағандардың бірін әкеткен сәт.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ белсенді Айсұлтан Жақыповты ұстап әкетіп барады.&nbsp;
11/24 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ белсенді Айсұлтан Жақыповты ұстап әкетіп барады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда митинг жоспарланған жерде жүрген арнайы жасақ.
12/24 Нұр-Сұлтанда митинг жоспарланған жерде жүрген арнайы жасақ.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда полиция ұсталғандардың бәрін автозакқа салып, бөлімшеге әкетті.&nbsp;
13/24 Нұр-Сұлтанда полиция ұсталғандардың бәрін автозакқа салып, бөлімшеге әкетті. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтандағы наразылардың бірі.&nbsp;Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.
14/24 Нұр-Сұлтандағы наразылардың бірі. Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Қазақстан ішкі істер министрлігі 1 наурызда қанша адам ұсталғанын нақты айтпады.&nbsp;
15/24 Қазақстан ішкі істер министрлігі 1 наурызда қанша адам ұсталғанын нақты айтпады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Нұр-Сұлтанда полиция наразылардың бірін ұстап жатыр.
16/24 Нұр-Сұлтанда полиция наразылардың бірін ұстап жатыр.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбеде наразылар жергілікті әкімдік маңына жиналды.&nbsp;
17/24 Ақтөбеде наразылар жергілікті әкімдік маңына жиналды. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбе қаласында да полиция жергілікті әкімдік маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті.
18/24 Ақтөбе қаласында да полиция жергілікті әкімдік маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбеде полиция наразылардың бірін күштеп ұстап жатыр.&nbsp;
19/24 Ақтөбеде полиция наразылардың бірін күштеп ұстап жатыр. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбеде ұсталғандардың бірі автобус терезесінен билікке қарсы наразылығын білдіріп тұр.&nbsp;
20/24 Ақтөбеде ұсталғандардың бірі автобус терезесінен билікке қарсы наразылығын білдіріп тұр. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Ақтөбеде наразылар биліктің отставкаға кетуін талап етті.&nbsp;
21/24 Ақтөбеде наразылар биліктің отставкаға кетуін талап етті. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Шымкентте полиция қала әкімдігі маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті. Полиция әкетіп бара жатқан кезде кей белсенділер &quot;Шал, кет!&quot; деп айғайлады.&nbsp;
22/24 Шымкентте полиция қала әкімдігі маңына жиналған 15 шақты адамды ұстап, көлікке күштеп салып, алып кетті. Полиция әкетіп бара жатқан кезде кей белсенділер "Шал, кет!" деп айғайлады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Шымкенттік белсенділерді полиция күштеп әкеткен соң қолдарындағы суреттер жерде қалды.&nbsp;
23/24 Шымкенттік белсенділерді полиция күштеп әкеткен соң қолдарындағы суреттер жерде қалды. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Шымкентте полиция белсенді Мұрат Аштаевты көлікке күштеп салып жатыр.&nbsp;Бұл - Қазақстандағы кейінгі екі аптада билікке қарсы екінші наразылық. 22 ақпанда да наразылық шарасында полиция алаңға келгендерді жаппай ұстаған. Құқық қорғаушылардың есебінше, 22 ақпандағы наразылықта полиция 300-ден адам әкеткен. ІІМ сол күні 53 адам ұсталғанын айтады.&nbsp;
24/24 Шымкентте полиция белсенді Мұрат Аштаевты көлікке күштеп салып жатыр. Бұл - Қазақстандағы кейінгі екі аптада билікке қарсы екінші наразылық. 22 ақпанда да наразылық шарасында полиция алаңға келгендерді жаппай ұстаған. Құқық қорғаушылардың есебінше, 22 ақпандағы наразылықта полиция 300-ден адам әкеткен. ІІМ сол күні 53 адам ұсталғанын айтады. 
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG