Accessibility links

Дүниежүзінде 90 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды


Лувр ғимаратының маңында жүрген шетелдік турситер. Париж, 29 ақпан 2020 жыл.
Лувр ғимаратының маңында жүрген шетелдік турситер. Париж, 29 ақпан 2020 жыл.

Дүниежүзінде бүгінге дейін коронавирус жұқтырғандар 89 мың адамнан асты. 2019 жылдың желтоқсанында COVID-19 коронавирус инфекциясы басталғалы 3046 адам өліп, 45 113 адам жазылып шыққан. WorldOmeter ақпарат ресурсында жарияланған соңғы деректер осындай.

Бір ғана Италияда 1700 адам жұқтырып, 34 адам өлген. 500-ден астам адам соңғы тәулікте жұқтырған.

Чехия үкіметі жексенбі күні Чехияда үш адамның коронавирусқа шалдыққанын хабарлады. Үшеуі де Италияға барып келген.

1 наурызда Парижде, адам көп келетін Лувр музейі ашылмады. Музей қызметкерлері коронавирустан қауіптенген. France-Press агенттігінің хабарлауынша, музейдің 300 қызметкері коронавирус қаупі төніп тұр деген уәжбен жұмысқа шықпай қалған.

Франция заңы бойынша, өмірі мен денсаулығына қатер төнсе қызметкердің өз міндетін орындамауға құқығы бар және оның жалақысы толығымен сақталады, шара қолданылмайды деп хабарлайды Халықаралық французское радиосы (RFI — Radio Francais International).

Францияда 130 адам коронавирус жұқтырып, екі адам өлген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG