Accessibility links

Израильдегі парламент сайлауында Нетаньяхудың "Ликуд" партиясы алда келеді


Премьер-министр Биньямин Нетаньяху дауыс беріп тұр. 2 наурыз 2020 жыл
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху дауыс беріп тұр. 2 наурыз 2020 жыл

Израильдегі парламент сайлауында премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың "Ликуд" партиясы алда келеді. Дауыс беру кезіндегі және онан кейінгі экзитпол нәтижелері "Ликуд" партиясының көп дауыс алғанын көрсетті. Бұл партия өз бетінше үкімет құру үшін Кнессеттегі 120 орынның 61-ін алуы керек. Экзитпол нәтижелері "Ликудтың" мұндай мүмкіндігі бар екенін байқатады. Сайлау қорытындысы бірер күнде жарияланады.

"Ликуд" партиясының негізгі бәсекелесі "Кахоль - Лаван" Кнессеттен отыздың үстінде орын алатынға, тіпті 54 орынға дейін жеткізе алатынға ұқсайды. Үшінші орындағы "Біздің үйіміз Израиль" партиясы 6 орын иеленуі мүмкін.

Жергілікті баспасөздің сипаттауынша, 2019 жылдың 9 сәуірі мен 17 қыркүйегіндегі сайлауларға қарағанда бұл жолы сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Аталған екі сайлауда үкімет құруға мүмкіндік болмаған.

28 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жөнінде бейбіт жоспарын жариялап, Иерусалимді Израильдің "бөлінбейтін" астанасы ретінде сақтап қалуға уәде еткен. Трамптың ойынша, Иерусалимнің шығыс бөлігі Палестинаның астанасы болуы керек. АҚШ президентінің жоспарын Израиль құлшына қолдағанымен, Палестина келіспейтінін бірден-ақ білдірген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG