Accessibility links

Асад әскері Ресей авиациясының көмегімен Саракеб қаласын алды


Саракеб қаласы мен оның айналасын атқылап жатқан түрік артиллерия. 2 наурыз 2020 жыл.
Саракеб қаласы мен оның айналасын атқылап жатқан түрік артиллерия. 2 наурыз 2020 жыл.

Ресей әскери полициясы Сирияның солтүстігіндегі Идлиб провинциясында орналасқан Саракеб қаласына кірді. РИА «Новостидің» хабарлауынша, Ресей әскери полициясы Саракеб қаласына Ресей әскери көмек көрсетіп отырған Сирия президенті Башар Асад әскері алған соң кірген.

Өткен аптада Асад күштерінің соққысынан Түркияның ондаған солдаты өлген соң Түркия Асад әскеріне қарсы белсенді әрекетке көшкен. Осыдан соң Сириядағы конфликтіге араласып отырған Ресей мен Түркия бетпе-бет қақтығысуы мүмкін деген қауіп пайда болған.

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Ердоған Идлибтегі жағдайға байланысты 5 наурызда келіссөз өткізуге келіскен. Соңғы күндері айтарлықтай шығынға ұшыраған Сирия әскері қайта шабуылдап, өткен аптада тастап шыққан Саракеб қаласын қайтадан басып алған.

Асад әскері Иран қолдайтын "Хезболла" радикалды тобымен бірлесіп әрекет етті деп хабарлайды араб деректері. Бақылаушылар Сирия әскерінің ұрыс қимылдарына Ресей әскери полициясының қызметкерлері қатысып жүр деп санайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG