Accessibility links

"Ізгіленген" заң жобасынан қауіптенген "Әділ сөз" Тоқаевқа хат жолдады


Халықаралық "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қорының төрайымы Тамара Калеева.
Халықаралық "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қорының төрайымы Тамара Калеева.

3 наурызда халықаралық "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, "Жала жапқаны үшін жауапкершілік мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына байланысты қаупін білдірді.

Бұл жобада қылмыстық кодекстегі "Жала жабу" бабын әкімшілік кодекске ауыстыру туралы" сөз болған.

"Әділ сөз" қоры президентке жазған ашық хатында жаңа заң жобасында "сөз бостандығына берілген конституциялық кепілдіктерге нұқсан келтіретін қазіргіден де қатаң шаралар бар екенін" айтқан. Бұл пікірге қарағанда "айыппұл қатты көбейген, алайда зардап шегушіге моральдық өтемақы мүлде қарастырылмаған".

Жобадағы "Жала жабу" бабы бойынша мұнан былай жеке тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш (530 200 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе жеке тұлға 25 тәулікке қамалады, ал лауазымды тұлғалар 700 айлық есептік көрсеткіш (1,8 миллион теңге) төлейді не болмаса 30 тәулікке қамалады.

Оқи отырыңыз: "Жала жабу" бабын бір заңнан өзгесіне ауыстыру. Не өзгереді?

2019 жылдың қыркүйегінде ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жала жабуды қылмыстық кодекстен әкімшілік кодекске ауыстыруды ұсынған. 2019 жылдың соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "жала жабу" және "араздық туғызу" туралы қылмыстық кодекс баптарын ізгілендіру жайлы жоспарын жариялаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG