Accessibility links

Донбаста украиналық сарбаз қаза тапты, төртеуі жараланды


Украина әскері. Көрнекі сурет.
Украина әскері. Көрнекі сурет.

3 наурызда Украина шығысындағы Донбаста қарсы тараптың артиллериямен атқылауынан кейін бір украин сарбазы қаза тапты, төрт адам жараланды.

Украина әскерилерінің айтуынша, Украинаның әскери нысандарын 82 миллиметрлік калибрі бар миномет пен ірі калибрлік пулеметтермен атқылаған.

Украина шығысында алты жылдан бері жалғасып келе жатқан ресейшіл сепаратистермен қақтығыста соңғы екі айда 15 украиналық сарбаз қаза тапқан. 2014 жылдың наурыз бен 2019 жылдың қазан айы аралығында 13 мыңнан астам адам көз жұмған.

Донецк және Луганск облысындағы қарулы қақтығыстың кесірінен 1,5 млн адам үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болды.

2014 жылдың басында Ресей Украинаның Қырым түбегіне әскер түсіріп, басып алғаннан кейін Украина шығысында сепаратистермен қақтығыс басталған. Мәскеу Украина шығысындағы қақтығысқа қатысы барын мойындамайды және Донбастағы қақтығысты азаматтық соғыс деп атайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG