Accessibility links

Трамп Талибан жетекшісімен "жақсы әңгімелескенін" айтты


Мұрағаттан алынған сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі, 3 наурызда "Талибан" жетекшілерінің бірімен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар бірнеше күн бұрын Ауғанстандағы 18 жылға созылған соғысты тоқтатуға бағытталған келісімге қол қойған еді.

3 наурызда Ақ үйде Трамп журналистерге Талибан жетекшісімен "жақсы әңгімелескенін" хабарлады. Оның айтуынша, екі жақ Ауғанстандағы шабуылдарды тоқтатудың қажет екенін айтқан.

Тәліптердің таратқан мәлімдемесінде Талибанның Катардағы кеңсесінің жетекшісі Абдул Ғани Барадардың Трамппен шамамен 35 минут сөйлескені жазылған. Тараптар арасында келіссөз жүргізу тобының өзге өкілдері де телефон әңгімеге қатысқан.

29 ақпанда қол қойылған құжатқа сай, АҚШ пен НАТО 14 айда Ауғанстандағы әскерін алып кетуі тиіс. Қазір бұл елде 13 мың америкалық сарбаз бар. Бұдан бөлек, “Талибан” мен Ауғанстан тұтқын алмасып, түрмеде отырған 5000 тәліп пен мыңға жуық ауған әскери қамаудан босауы тиіс. АҚШ “Талибанға” салған санкцияларын да алуы керек. Тәліптердің басшысы Абдул Ғани Барадар келісімді сақтауға уәде беріп, Ауғанстанның ислам қағидаларымен басқаруға шақырды.

Оқи отырыңыз: АҚШ пен тәліптер 18 жылға созылған соғысты аяқтау үшін келісімге қол қойды

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Covid-19 дертінен айыққан Елдостың әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:48 0:00
XS
SM
MD
LG