Италия билігі коронавирусқа байланысты барлық мектептер мен университеттер он күнге жабылады деген ақпаратты растады. Мұнда соңғы дерек бойынша қауіпті вирустан 107 адам қаза болған.
Сәрсенбі күні үкімет отырысында вируспен күрес мәселесі талқыланды.
Бұған дейін вирустан көбірек зардап шеккен Италияның солтүстік аумағындағы мектептер мен ЖОО жабылған еді. Бірқатар қалаларда қатаң карантиндік шаралар енгізілген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Италияда Оңтүстік Корея мен Ирандағыдай жағдай ушығып барады. Италияда вирусты жұқтырғандар саны 3100-ге жуықтады.
Әлем бойынша шамамен 3200 адам коронавирустан көз жұмған, 90 мыңнан астам адамнан вирус табылды. Олардың көбі вирус тараған Қытайда тіркелген.
ДДСҰ сәрсенбі күні жағдайдың тым жылдам өзгеріп жатқаны соншалықты әзірге эпидемия шарықтау шегіне жете қоймаған сияқты деп мәлімдеді.
Коронавирус әлемнің 81 елінен табылған. 4 наурызда атақты Джеймс Бонд фильмін шығарушылардың жаңа фильмінің тұсаукесерін коронавирусқа байланысты сәуірден қараша айына шегергені белгілі болды.
Қарай отырыңыз: Қазақстанда медициналық маска тапшы (4 наурыз 2020 жыл).
ПІКІРЛЕР