Accessibility links

Нұр-Сұлтанда кәсіпкер "Казимпекс" алдында жалғыз адамдық пикет өткізді


"Казимпекс" ғимараты алдында жалғыз адамдық пикет өткізіп тұрған кәсіпкер Тілеухан Анарбек және полиция қызметкерлері. Нұр-Сұлтан, 5 наурыз 2020 жыл.
"Казимпекс" ғимараты алдында жалғыз адамдық пикет өткізіп тұрған кәсіпкер Тілеухан Анарбек және полиция қызметкерлері. Нұр-Сұлтан, 5 наурыз 2020 жыл.

5 наурызда Нұр-Сұлтанда кәсіпкер жалғыз адамдық пикетке шығып, ұлттық қауіпсіздік комитетінің квази мекемесі «Казимпэкс» қызметкерінің мекеменің құрылыс жұмыстарын жасатып, ақшасын толық бермеді деп шағымданды. «Казимпекс» бас директоры мекеменің ақшаны толық төлегенін, бірақ аты аталған қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.

Өзін Тілеухан Анарбекпін деп таныстырған кәсіпкер басқа да құқық қорғау орындарына шағымданғанын, нәтиже болмаған соң пикетке шыққанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, «Казимпекс» акционерлік қоғамының басқарушы директорларының бірі 2 жыл бұрын оның компаниясымен келісім-шартқа отырып, ҰҚК қызметкерлері үшін коттедж қалашағы жұмысын бастатқан. Комитетке тиесілі «Арыстан» спорт кешені мен «Аққу» қонақүйін жөндеткен. Ол жөндеу жұмыстарына өзінің 100 миллион теңге қаржысын жұмсағанын, бірақ алуға тиіс қаражатты толық алмағанын айтты. Банкрот кәсіпкер соның салдарына 40 адамға жалақы бере алмай жүргенін, өзі де отбасын баға алмай қалғаны айтады. Кәсіпкер сөзінше «Казимпекс» оған әлі 70 миллион теңгедей қарыз.

- Менің талабым – коттедж қалашығына, «Аққу» қонақ үйіне, спорт комплекс «Арыстанға» салынған ақшамды қайтарсын. Қалай қайтарады - онда жұмысым жоқ. 2018 жылы істедік. 2019 жылы оның фирмасы бізге тиесілі ақшаны тендер арқылы алғанын естідік. Ал енді ақырында біз ақшасыз қалдық. Қаншама адам, техника жұмыс істеді. Олардың бәрі күнде мені сотқа беріп, тыныштық бермей жатыр. Ломбардта машиналарымыз жатыр. Оның бәрін құжатпен дәлелдей аламын,- деді ол Азаттық тілшісіне.

Сәлден соң пикетке шыққан адамның жанына Есіл аудандық полиция өкілдері келіп, пикетті бақылады. Бірақ ұстаған жоқ.

Азаттық тілшісімен «Казимпекстің» директоры Борис Волков сөйлесті. Ол өзін фото, видеоға түсіруден бас тартты. Ол кәсіпкерді екі жыл бұрын құрылыс басынан көргенін растады. Оның бұған дейін жазған арызы бойынша компания ішінде қызметтік тексеріс жүргізгенін, бірақ ештеңе таппағанын, актілердің бәрі дұрыс екенін айтты.

Борис Волков кәсіпкер мен «Казимпекс» қызметкері арасындағы дау қоғамдық резонанс туғызып отырғандықтан тексеруді қайта жүргізетінін де айтты.

«Казимпэкс» республикалық орталығы 2001 жылы Қазақстан ҰҚК-нің «Алтын әскер» республикалық мемлекеттік мекемесінің қайта құрылуы нәтижесінде пайда болған мекеме. Оның акциясы толығымен ҰҚК-ға тиесілі. Негізгі міндеті - ақпараттық жүйе құру.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG