Accessibility links

Тәжікстанда коронавирус туралы сыбыстан кейін жұрт жаппай азық-түлік сатып ала бастады


Душанбедегі базарлардың бірі. Тәжікстан, 5 наурыз 2020 жыл.
Душанбедегі базарлардың бірі. Тәжікстан, 5 наурыз 2020 жыл.

Тәжікстанда коронавирусқа байланысты түрлі сыбыс тарап, тұрғындар жаппай азық-түлік сатып ала бастаған соң билік елде азық-түлік қоры жеткілікті деп мәлімдеме жасауға мәжбүр болды. Осындай "ажиотаждың" салдарынан кейбір азық-түрлері қымбаттап, дүкен сөрелері босай бастаған. 5 наурызда денсаулық сақтау министрлігі және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "азық-түлік қоры жеткілікті, тоғыз миллион халықты асырау үшін әлі екі жылға жетеді" деп мәлімдеді.

Ал экономика және сауда министрлігі тұрғындарды "азық-түлік тапшылығы туралы алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге" шақырды.

Бұған дейін билік коронавирусқа байланысты мешіттерде жиналып, намаз оқуға шектеу қойған. Билік сонымен бірге Душанбеде жыл сайынғы Наурыз мерекесін тойлауды да кейінге шегерген. Сыбыстың таралуына осы жайттар түрткі болған. Елде ресми түрде коронавирус табылмаған.

Тәжікстан COVID-19 ауруының таралу ошағы Қытаймен шекараласады. Әлем бойынша коронавирустан үш мыңнан астам адам қайтыс болған, вирус жұқтырғандар саны 92 мыңнан асқан. Вирус әлемнің 60-тан астам еліне тараған.

Оқи отырыңыз: Белсенділер Қытайдан азық-түлік, жүк тасымалдауға тыйым салуды талап етті

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG