Accessibility links

Прокурор "Арзамасоваға оқ атуға тапсырыс берген" әкімге 7 жыл сұрады


Галина Арзамасова (оң жақта) сот ғимаратында тұр. Талғар, 25 желтоқсан 2019 жыл.
Галина Арзамасова (оң жақта) сот ғимаратында тұр. Талғар, 25 желтоқсан 2019 жыл.

6 наурызда Алматы облысы Талғар аудандық сотында «белсенді Галина Арзамасоваға оқ ату» ісі бойынша жарыссөз өтті. Отырыста прокурор айыпталушы Панфилов ауылдық округінің экс-әкімі Нұрғали Аппазовты «қызметіне асыра пайдаланғанын» айтып, 7 жылға; оның жүргізушісі Ғани Смановты «кәмелетке толмаған баласы мен кәрі шешесі барын ескеріп», үш жарым жылға соттауды сұрады.

Аппасов прокурордың айтқандарымен ішінара келісетінін айтты. Ал Сманов «ешкімге оқ атпадым, Көлікте болғаным рас, мені алдап мойындатты» деді.

Келесі отырыс 11 наурызға жоспарланды.

Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Галина Арзамасоваға 2019 жылдың 26 тамызында Талғар аудандық әкімдігінің алдында травматикалық тапаншадан оқ атылып, жамбас сүйегіне тиген еді. Арзамасова сол күні ауылдастарымен бірге Талғар ауданының бұрынғы әкімі Рыскелді Сәтбаевтың қабылдауына келген. Кейін «Арзамасоваға оқ ату күдігімен Панфилов ауылдық округінің сол кездегі әкімі Нұрғали Аппазов пен оның жүргізушісі Ғани Сманов ұсталған. Аппазов «тапсырыс беруші», Сманов «оқ атқан» деген күдікке ілінген.

Оқи отырыңыз: Арзамасоваға оқ атудың астарында не жатыр?​

64 жастағы Галина Арзамасова мектепте мұғалім болып істеген. Кейінгі жылдары ауылдың әлеуметтік мәселесін қозғап жүрген. Оған 2019 жылдың тамызына дейін де екі мәрте шабуыл жасалған. Ол өзіне жасалған шабуылдарды белсенділігімен байланыстырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG