Accessibility links

Қытайдың Қазақстандағы елшісі АҚШ-тың Сайрагүлді марапаттауын сынады


Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо.

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо АҚШ мемлекеттік департаментінің Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайды "Батыл әйел" сыйлығымен марапаттауын сынады. Қазақстан босқын мәртебесін бермеген соң өткен жылы Швецияға кеткен Сайрагүл Сауытбай алғашқылардың бірі болып Қытайдағы қайта саяси тәрбиелеу лагерьлеріндегі азаптау мен күштеу шараларын айтып, халықаралық қауымдастық мәселеге назар аударған еді.

"Бұл - Қытайдың ішкі ісіне араласуға бағытталған арандату әрекеті" деп жазды елші 6 наурызда Facebook-тағы парақшасында. Ол шараны тұтас "қызықсыз циркке" теңеді.

Үш жылдан бері Қытайдың Шыңжаң өлкесінде ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, татарлар және басқа да мұсылмандарды қудалап, “саяси тәрбиелеу орталықтарына” жіберіп жатқаны айтылып келеді. Қазақстанда да жүздеген адам туыстарының Шыңжаңда қамауда отырғанын айтып, биліктен көмек сұраған.

Чжан Сяо Facebook жазбасында Шыңжаңда мұсылмандардың қудалау көріп жатқанын жоққа шығарып, Вашингтонды "Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі мәселені қайта-қайта көтеріп, Қытайды қаралап, жала жауып жатыр" деп айыптады. Ол жазбасында саяси лагерьлерді "кәсіпке баулу орталықтары" деп атап, Шыңжаңдағы ахуал "қауіпсіз бола бастады" деді.

"Кәсіпке баулу орталықтарынан шыққандар жұмысқа орналасып, нәпақа тауып жүр, ендігәрі қоғамға қауіпті емес. Қытайдың ойлап тапқан орталықтары - экстремизммен күресудің тиімді амалы екенін тәжірибе дәлелдеді" деп жазды ол.

Ол Сайрагүл Сауытбайды "отанын сатып кетті" деп айыптап, батылдығына күмән келтірді.

2018 жылы тамызда "Қазақстан шекарасынан заңсыз өтті" деп айыпталған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай шартты жазамен бостандыққа шыққан. Сот жалғасып жатқан кезде Сайрагүл Сауытбай Қытайдың ішкі лагерьлеріндегі азаптау мен қысым туралы айтып, егер өзін Қытайға қайтарса, өлім күтіп тұрғанын айтқан. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары оған араша түсіп, Нұр-Сұлтанды Сауытбайды Қытайға бермеуге шақырды.

Қазақстан билігі оны елде қалдырғанмен босқын мәртебесін бермеді. Кейін ол Швецияға кетіп, саяси баспана алды. Қазір сонда отбасымен тұрып жатыр.

Сайрагүл Сауытбай: "Қытай үкіметінен қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етемін!" (4 наурыз 2020 жыл).

Сайрагүл Сауытбай: "Қытай үкіметінен қуғын-сүргінді тоқтатуды талап етемін!"
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:07 0:00

  • БҰҰ есебінше, 2017 жылдан бастап Шыңжаңда тұратын бір миллионға жуық ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылман лагерьге қамалған. Пекин бұл орындарды "терроризммен күрес орталығы" деп атайды.
  • Қытай Шыңжаңдағы лагерьлерді "кәсіп үйрететін, жұртты терроризмнен құтқаратын орталық, мұнда оқып шыққандар кәсіп меңгеріп, жұмыс табады" деп мәлімдеген.
  • Батыс елдері мен халықаралық ұйымдардың қысымынан кейін Пекин "лагерьде отырғандардың бәрі кәсіп меңгеріп, оқуын аяқтап шықты" деп мәлімдеген.
  • Жақында Австралия стратегиялық саясат институты (ASPI) есебінде Қытай билігі лагерьден шыққан мұсылмандарды елдің басқа аймақтарындағы фабрикаларға жұмысқа жіберіп жатқанын мәлімдеген. Қытай мемлекеттік басылымдарында мұны жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG