Accessibility links

Өзбекстан ЕАЭО-ға бақылаушы болғысы келетінін айтты


Өзбекстанның мемлекеттік туы.
Өзбекстанның мемлекеттік туы.

Өзбекстан Ресей бастамасымен құрылған экономикалық блокқа мүше болу мәселесін шешпей тұрып, әуелі бақылаушы болып көретінін айтты.

Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) 2015 жылы Ресей Беларусь және Қазақстанмен бірігіп құрған. Кейінірек оған Армения мен Қырғызстан қосылды. Бұрынғы советтік республикалардың бірі Молдова бақылаушы мәртебесіне ие болған.

Одақ тауар мен капиталдың өзара еркін айналымын қамтамасыз етуді көздейді деп айтылады. Бірақ одақтың кейбір мүшелері оны артық сауда шектеулері үшін сынайды.

2016 жылы Шавкат Мирзияев президенттікке келгеннен кейін ЕАЭО Өзбекстанды өзіне " жақын тарта бастады". Бұрынғы президент Ислам Каримов тұсында Ташкент ЕАЭО-ға қосылуға ықылас танытпаған.

Сарапшылардың пікірінше, Шавкат Мирзияев билігі тұсында өзбек-орыс қарым-қатынасы тығыз бола түскен. Алдыңғы президенттің алшақтау саясатынан бас тартқан Мирзияев елге шетел инвестициясын тартуға талпынып жатыр.

34 млн халқы бар Өзбекстан экономикалық одаққа мүше болса, тұтыну нарығының көлемі жағынан одақ кеңістігінде Ресейден кейінгі екінші орынды алуы мүмкін.

24 қаңтар күнгі парламентке жолдауында Мирзияев үкімет "ЕАЭО-мен әріптестік орнату жолын қарастырып жатыр" деп мәлімдеген. Оның айтуынша, Өзбекстан өнімдерінің 80 пайызы ЕАЭО-ға мүше елдерге жіберіледі. Одаққа қосылу "Ресей мен Қазақстандағы өзбек мигранттарының жағдайының жақсаруына" да оң ықпал етпек деді.

Оқи отырыңыз: Мирзияев Мәскеуге барарда ЕАЭО-ны еске алды. Өзбекстан одаққа мүше бола ма?

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG