Accessibility links

ОПЕК және Ресей мұнай өндіруді азайту бойынша келісімге келе алмады


Сауд Арабиясының энергетика министрі Әбдел Әзіз бин Салман әл-Сауд және оның ресейлік әріптесі Александр Новак ОПЕК және өзге мұнай өндіруші елдердің отырысында. Вена, 6 желтоқсан 2020 жыл.

Мұнай өндіруші елдер ұйымы (ОПЕК) және Ресей мұнай өндіру көлемін азайту бойынша келісімге келе алмады, соның кесірінен халықаралық нарықта мұнай бағасы құлдырады.

Коронавирустың халықаралық экономикаға әсеріне алаңдаған ОПЕК пен Мәскеу мұнай бағасы құлдырап кетпес үшін өндіріс көлемін азайтуға келісеміз деп үміттенген.

Алайда 6 наурызда ОПЕК бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо екі күндік кездесудің сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді.

"Ақыры отырысты аяқтап, тарау туралы шешім қабылдадық" деді ол.

Жиын аяқталғаннан кейін халықаралық сауда нарығында мұнай бағасы бірден 10 пайызға арзандады. Жыл басынан бері "қара алтын" құны шамамен 30 пайызға арзандаған.

ОПЕК-ке мүше 17 мемлекет мұнай өндіруді тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін азайтқысы келген (бұл әлемдік өндірістің шамамен 1,5 пайызын құрайды). Алайда Сауд Арабиясы және Иран ұйымға мүше емес өзге ірі өндірушілер (арасында Ресей де бар) күн сайынғы өндірісті 500 мың баррельге азайтуы тиіс деген. Ал Ресей бұған келіспеген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG