Accessibility links

Қытайда карантиндегі адамдар жатқан отель қирады


Құтқарушылар қираған отельдің астынан адамдарды іздестіріп жатыр. Цюаньчжоу, 7 наурыз 2020 жыл.
Құтқарушылар қираған отельдің астынан адамдарды іздестіріп жатыр. Цюаньчжоу, 7 наурыз 2020 жыл.

7 наурызда Қытайдың Цюаньчжоу қаласындағы бес қабатты қонақүй қирап, ондаған адам үйінді астында қалды. Бұл отельде Covid-19 вирусын жұқтырған адамдардың жанында болғандар карантинде жатқан.

Қытай мемлекеттік ақпарат құралдары апаттан төрт адам қаза болғанын, үйінді астында қалған 70 адамның 38-і құтқарылғанын 29 адам әлі табылмағанын хабарлады. Интернетте тараған видеода құтқарушылардың үйінді астынан адамдарды іздеп жатқаны көрінеді. Қонақүйдің қирауына не себеп болғаны белгісіз.

80 бөлмесі бар қонақүй 2018 жылы ашылғаны хабарланды.

6 наурыздағы дерек бойынша, Цюаньчжоу қаласы орналасқан Фуцзянь провинциясында 296 адам вирус жұқтырған. 10819 адам карантинде жатыр.

7 наурыздағы дерек бойынша, әлемде 102 мыңнан астам адамнан Covid-19 вирусы табылған. 3400 астам адам көз жұмса, 57 мың адам дерттен айыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG