8 наурызда Бішкекте өтуі тиіс әйелдер маршы болмай қалды. Белгісіз адамдар акцияға келгендерге шабуыл жасады. Полицейлер марш ұйымдастырушыларын ұстап әкетті.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, марш жоспарланған “Победа” алаңында ұйымдастырушылар қатысушыларға транспаранттар тарата бастаған. Сол кезде маска киген бірнеше адам оларға шабуылдап, кейбірін тепкен, транспаранттарды жыртқан. Осы сәтте алаңға полицейлер келіп, шараны ұйымдастырушыларды ұстап әкетті. Ал шабуыл жасаған белгісіз адамдар полиция келгенде қашып кетті.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің тілшісі полиция ұсталғандарды бөлімшеге алып кеткен. Ал ұсталғандардың сөзінше, полицейлер оларға “түсіндіру жұмысын жүргізетінін” айтқан.
Полиция Азаттықтың Қырғыз қызметіне жағдайға қатысты кейін комментарий беретінін айтты.
ПІКІРЛЕР