Accessibility links

Айырбастау пунктерінде доллардың сату курсы 400 теңгеге жақындады


9 наурызда, әлемде мұнай бағасы күрт түскен тұста, Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллардың құны 397 теңгеден сатыла бастады.

Дүйсенбі – елде жұмыс күні емес (8 наурыздағы мереке жексенбіге келгендіктен дүйсенбі демалыс деп жарияланған), сондықтан Қазақстан қаржы фондында валюталық сауда жүріп жатқан жоқ.

Жұма күнгі валюта бағамы биржада доллар құны 382,22 теңге болған, ал Ұлттық банктің 9 наурызға белгілеген ресми бағамы – 382,05 теңге.

Дүйсенбіде Ресей рублі де 2016 жылғы рекордтық деңгейіне түсіп, бір доллар 72,72 рубль болды. Ашық саудадағы алтын бағасы да 20 пайызға түсіп кетті.

Өткен аптаның соңында Венада ОПЕК, Сауд Арабиясы және Ресей мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндірісті азайтуға келіссөз жүргізген. Бірақ Венадағы жиында тараптар келісе алмады. Кремль ОПЕК ұсынысын қолдамады. Осыдан соң Сауд Арабиясы “баға соғысын” бастап, Азия үшін мұнай бағасын барреліне үш-төрт долларға, АҚШ үшін жеті долларға дейін түсіріп жіберді.

9 наурызда Brent маркалы мұнай барреліне 36 доллардан сатылып жатыр. 2014 жылғы сауда соғысы кезінде бұл бренд бағасы 30 долларға дейін құлдыраған. Мұнай бағасының түсуінен Ресейде бюджет дефициті болып, рубль арзандауы мүмкін. Қазақстан Ресейдің экономикалық серіктесі әрі Мәскеу басқаратын Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Covid-19 дертінен айыққан Елдостың әңгімесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:48 0:00
XS
SM
MD
LG