Accessibility links

Донбаста жарылған "Боинг" ұшағы бойынша айыптау қорытындысы жарияланды


"Бойнг" ұшағын жаруға қатысы бар деп айыпталғандар.
"Бойнг" ұшағын жаруға қатысы бар деп айыпталғандар.

2014 жылы 17 шілдеде Донбасс аспанында жарылған Малайзияның "Боинг" ұшағына байланысты сот процесінде прокурор айыптау қорытындысын жариялады. Бұл іс бойынша сот 9 наурызда Нидерландыда басталған.

Ұшақ апатын зерттеген халықаралық тергеу тобы "ұшақты Ресей әскери бөлімінен Украинаның шығысына кірген «Бук» зымыранымен атып құлатқан" деген қорытындыға келген еді. Осыған байланысты Ресейдің үш азаматы - Игорь Гиркин (Стрелков), Сергей Дубинский, Олег Пулатовқа және Украинаның бір азаматы - Леонид Харченкоға айып тағылған. Олардың барлығының да "Ресейдің қолдауымен Украина армиясына қарсы ұрыс жүргізген Донбастағы сепаратистермен байланысы бар" деген қорытынды жасалған. Ұшақ апатқа ұшыраған сәтте Стрелков сепаратистер күштерінің басшысы болған, оған бағынышты Дубинский барлауды басқарған. Ал Пулатов пен Харченко "Букты" Донбасқа әкелгендер қатарында аталған.

Тағылған айыпты мойындамаған айыпталушылар сотқа келмеді. Тек Олег Пулатовтың екі адвокаты іске қатысып отыр.

Малайзияның апатқа ұшыраған "Боинг" ұшағындағы 298 адам қаза болған. Олардың дені Нидерланды азаматтары. Нидерланды мен Австралия Ресейді кінәсін мойындауды талап еткен, бірақ Мәскеу оны теріске шығарған. Судьяның сөзінше, сот ісі 2021 жылға дейін созылуы мүмкін.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG