Accessibility links

Әзербайжаннан миллионнан аса медициналық масканы шетке заңсыз шығармақ болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Әзербайжан билігі ел аумағынан миллионнан астам медициналық масканы заңсыз алып шықпақ болған, құрамында жергілікті азаматтармен қоса Иран және Қытай азаматтары да бар бірнеше топ әшкереленгенін мәлімдеді. Билік олардан әлгі маскаларды тәркілеген.

Әлемде коронавирустың өршуіне байланысты көптеген елде жұқпалы дертке қарсы қолданылатын медициналық бұйымдар тапшы болып отыр. Өткен жылы желтоқсанда алғаш рет коронавирус тіркелген Қытайда содан бері 80 мыңнан астам вирус жұқтырып, 3100 адам қайтыс болды.

Дүйсенбіде Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі елде коронавирус салдарынан 237 адам қайтыс болып, 7161 адам осы дертті жұқтырғанын хабарлаған.

Қауіпті вирустан 463 адам көз жұмып, ауру жұқтырғандар саны 9100 адамнан асқан Италияда 9 наурызда бүкіл ел көлемінде карантин жарияланған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG