Accessibility links

Дума Путинге тағы сайлауға түсуге мүмкіндік беретін ұсынысты мақұлдады


Ресей президенті Владимир Путин Думада сөйлеп тұр. 10 наурыз 2020 жыл.

Ресей мемлекеттік думасы ел президенті Владимир Путинге 2024 жылғы сайлауға түсуге мүмкіндік беретін Конституцияға өзгерісті мақұлдады.

67 жастағы Путин екінші мерзім қатарынан Ресей президенті болып отыр. Қазіргі Конституцияға сай, ол екінші мерзімі аяқталған соң, 2024 жылы үшінші рет президент сайлауына түсе алмайды.

Думадағы дауыс беруге дейін Путин «егер Конституциялық кеңес осыған дейінгі екі президенттік мерзімін жоюды құптаса, өзі де келісетінін» айтқан.

Путиннің «екі мерзімін есептен шығарып, оған қайта мүмкіндік беруді» биліктегі «Единая Россия» партиясының мүшесі, Мемлекеттік дума депутаты Валентина Терешкова ұсынған.

- Анығында, мәселе оған [Путинге] емес, бізге, Ресей азаматтары мен оның болашағына байланысты. Егер солай болса айналсоқтаудың, ақылгөйсудің, құрастырмалы қоршау жасаудың қажеті не? Бәрін әділ, ашық әрі ел алдында қарау керек. Қазіргі ахуал талап етіп тұрса, Конституциядағы президент мерзіміне байланысты шектеуді алып тастау керек не халық қаласа жаңарған Конституцияға қазіргі президенттің осы қызметке қайта сайлануына мүмкіндік беретін өзгеріс енгізу керек, - деді ол.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG