Accessibility links

Донбаста екі украиналық сарбаз қаза тапты, сегіз адам жараланды


Украиналық сарбаз. 5 желтоқсан 2019. Көрнекі сурет.
Украиналық сарбаз. 5 желтоқсан 2019. Көрнекі сурет.

Донбаста 10 наурызда атыс болып, екі украиналық сарбаз қаза тапты, сегіз адам жараланды деп хабарлады Украина әскерилері. Олардың айтуынша, танк жоятын зымыран құлаған кезде бір сарбаз қаза тапқан, ауыр жараланған тағы бір сарбаз кейінірек көз жұмған. Жеті сарбаз сол мезетте жараланған. Сейсенбі күні осы аумақтың екінші бір бөлігінде де атыс болып, бір украиналық сарбаз жараланған.

Украина шығысында алты жылдан бері жалғасып келе жатқан ресейшіл сепаратистермен қақтығыста соңғы екі айда 15 украиналық сарбаз қаза тапқан. 2014 жылдың наурыз бен 2019 жылдың қазан айы аралығында 13 мыңнан астам адам көз жұмған.

Донецк және Луганск облысындағы қарулы қақтығыстың кесірінен 1,5 млн адам үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болды.

2014 жылдың басында Ресей Украинаның Қырым түбегіне әскер түсіріп, басып алғаннан кейін Украина шығысында сепаратистермен қақтығыс басталған. Мәскеу Украина шығысындағы қақтығысқа қатысы барын мойындамайды және Донбастағы қақтығысты азаматтық соғыс деп атайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG