Accessibility links

Вирусқа байланысты оқушылардың демалысы ерте басталады, студенттер онлайн оқуға көшеді


Қазақстандағы мектептердің бірі.
Қазақстандағы мектептердің бірі.

Коронавирустың алдын алу шараларына байланысты Қазақстан мектептерінде көктемгі демалыс бір апта ерте басталады. 12 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деп мәлімдеді.

- Орта білім беру мекемелері 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары мүмкіндігінше қашықтан оқуға көшеді, - деді Ералы Тоғжанов.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, егер демалыс аяқталғанға дейін жағдай оңалмаса, онда қашықтан оқыту әдістеріне сүйенуге тура келеді. Оның сөзіне қарағанда қазақстандық оқу орындарының қашықтан оқыту жүйесін пайдалану бойынша тәжірибесі бар. Canvas, Platonus, Google classroom сияқты онлайн оқу жүйелерін қолданатын кейбір оқу орындары жартылай онлайн оқытуға да көшкен.

Қазақстан мектептерінде демалыс 21 наурызда басталып, 2 сәуірде аяқталуы тиіс болған. Демалыс кезінде оқушылардың экскурсияға шығуына да тыйым салынады.

Аймағамбетовтің айтуынша, балабақшалар бұрынғыша жұмысын жалғастыра береді.

Қазақстанда ресми дерек бойынша, коронавирус табылмаған.

Видео: Коронавирустан сақтаныңыз. Қолды қалай жуу керек?

Қолды қалай жуу керек?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG