Accessibility links

Әзербайжанда коронавирустан бір адам көз жұмды


Дәрігер коронавирус жұққан адамды емдеп жатыр. Иран, 1 наурыз 2020 жыл.

Әзербайжанда бір адам коронавирустан көз жұмды. Бұл коронавирусқа байланысты елде тіркелген алғашқы өлім. Азаттықтың Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, 51 жастағы әйел жақында Иранда болған.

Әзербайжан билігінің хабарлауынша, коронавирустан бөлек науқастың бүйрегі ауырған, аутоиммундық ауруға шалдыққан. Дәрігерлер ауруы асқынғандықтан оны құтқара алмағанын айтты. Марқұмның туыстары мен соңғы уақытта оның жанында болғандар карантинге жіберілген.

Әзербайжанда 15 адамнан коронавирус табылған. Үшеуі айығып, ауруханадан шығарылған. Коронавирус күдігіне ілінген жүздеген адам (басым бөлігі Ираннан келген) карантинде жатыр.

12 наурыз күнгі дерек бойынша, әлемде вирусты жұқтырғандар саны 125 мыңнан асқан. 4600-ден астам адам вирустан көз жұмған.

Видео: Коронавирустан сақтаныңыз. Қолды қалай жуу керек?

Қолды қалай жуу керек?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG