Accessibility links

АҚШ қор биржаларында индекстер құлдырап, сауда тоқтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ қор биржаларында S&P500, Nasdaq Composite және Dow Jones индекстері шамамен жеті пайызға құлдырағаннан кейін сауда тоқтады. Нью-Йорк қор биржасында америкалық ең ірі 30 компания акцияларының құнын көрсететін Dow Jones индексі​ тоғыз пайызға кеміді. Мұндай құлдырау 1987 жылдан бері болмаған.​

Сарапшылар мұны АҚШ қор нарығының президент Дональд Трамптың коронавируспен күресуге шақыру туралы мәлімдемесіне "реакциясы" деп атады. Бір күн бұрын Трамп коронавирусқа байланысты АҚШ Еуропамен байланысты уақытша үзеді деп мәлімдеген. Ол пандемияның кесірінен зардап шеккен шағын кәсіпорындарға көмектесетінін айтқан. Ақ үй әзірге кәсіпкерлерге нақты қандай көмек берілетінін айтпады.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 33 долларға да жетпеді. WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 9 пайызға арзандап, бір баррелі 30 доллар шамасында сатылып жатыр.

Өткен аптаның соңында Венада ОПЕК, Сауд Арабиясы және Ресей мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндірісті азайтуға келіссөз жүргізген. Бірақ Венадағы жиында тараптар келісе алмады.

Соның салдарынан мұнай бағасы күрт құлдырап, теңге де құнсызданды. 12 наурызда Қазақстандағы айырбастау пунктерінде бір доллар 400 теңгеден астам бағамен сатылды.

Оқи отырыңыз: Айырбастау пунктерінде доллардың сату курсы алғаш рет 400 теңгеден асты

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG