Бағдат Мусин президенттің цифрлау және инновациялық технология бойынша кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда сайты.
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Екібастұзда туған. Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынас институтын тәмамдаған.
Әр жылдары "ұлттық ақпараттық технологиялар", әділет министрлігі, ақпарат және байланыс министрлігі, көлік және коммуникация министрлігінде қызмет атқарған. 2014 жылы "Қазпошта" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болды.
2017 жылы бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетін басқарды. 2018 жылы өз еркімен бұл қызметтен кетті. Ол сол уақытта денсаулығына байланысты және бизнес жобаларын жүзеге асырғысы келгендіктен мемлекеттік сектордан кететінін айтқан еді.
ПІКІРЛЕР