Accessibility links

ДДСҰ Еуропаны вирустың жаңа ошағы деп атады


ДДСҰ төрағасы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 13 наурызда Еуропа коронавирустың жаңа ошағына айналды деп мәлімдеді. Мұнда вирустан бес мыңнан астам адам көз жұмған.

Әлем елдері індеттің таралуын тоқтату үшін шекарада бақылауды күшейтіп, түрлі шектеу шараларын енгізіп жатыр.

"Енді Еуропа COVID-19 пандемиясының ошағына айналды" деді Женевадағы баспасөз жиынында ДДСҰ төрағасы Тедрос Адханом Гебрейесус. ДДСҰ басшысының айтуынша, коронавирусты жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны бойынша қазір Еуропа әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында тұр.

Еуропада коронавирус тек Черногориядан ғана табылмаған. Испания, Франция, Германия мен Швейцарияда мыңнан астам адамға вирус жұққан.

Ең көп вирус табылған Италияда соңғы тәулікте 250 адам көз жұмған, осылайша вирустан қайтыс болғандардың саны 1266-ға жеткен. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 25 пайызға жоғары және елде бұрын-соңды мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген.

АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа байланысты АҚШ-та төтенше жағдай жариялады.

ДДСҰ дерегінше, 13 наурызда әлемде вирусты жұқтырғандар саны 132 мыңнан асқан. Қауіпті вирус Еуропа, Солтүстік Америка және Таяу Шығыста жылдам тарап барады, ал өткен жылы вирус тарай бастаған Қытайда керісінше азайған.

Бейсенбі күнгі құлдыраудан кейін 13 наурызда биржа мен валюта нарығы қайта қалпына келді, Еуропа және Америка қор биржаларындағы индекстер 2,5 пайызға өсті.

Еуропа елдерінің бірнеше үкіметі шекарада бақылауды күшейтіп, кейбірі шекараны мүлде жапты. Мектептерде сабақ тоқтап, қоғамдық шара өткізуге тыйым салынды.

Ғалым Айдын Қыдырманов: Коронавирустың келуін болжау - көріпкелдік емес (13 наурыз 2020 жыл).

Ғалым Айдын Қыдырманов: Коронавирустың келуін болжау - көріпкелдік емес
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:56 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Балық бала" асырап отырған отбасы баспанаға мұқтаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:31 0:00
XS
SM
MD
LG