Accessibility links

"Нұр Отанның" саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды


Қазақстанның бұрынғы президенті, "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның бұрынғы президенті, "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің 18 наурызға белгіленген отырысы өтпейтін болды. 14 наурызда партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісінде "коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты" саяси кеңестің отырысы өтпейді деп жазды.

Қазақстанды соңғы отыз жылға жуық үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурыз айында президенттіктен кеткен, бірақ ол "Нұр Отан" партиясы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде билікте қалған еді. Сарапшылар "Нұр Отанды" Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатқан билік партиясы" деп сынайды.

Бұған дейін партия саяси кеңес отырысында "2020 жылға арналған негізгі міндеттер талқыланады" деп хабарлаған болатын. Кейбір шенеуніктер вирус таралуына байланысты мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме жұмысшыларынан құралған "Нұр Отан" жиынының өтпей қалуы мүмкін екенін де айтқан.

Қазақстан билігі 13 наурызда елде төрт адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. 14 наурызда олардың саны алтыға жетті. Олардың төртеуі - Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда карантиндік стационарларда ем қабылдап жатыр. Қазақстан коронавирустың таралуына байланысты қоғамдық шаралар өткізуге тыйым салып, бірқатар шектеу енгізді.

Соңғы дерек бойынша, әлемде Covid-19 коронавирусы 145 мыңнан астам адамға жұққан. Қаза болғандар саны 5400-ден асып кетті. Вирус 110-нан астам елден табылды.

Қарай отырыңыз: Жұрт маска таба алмай сарсаңға түсті (13 наурыз 2020 жыл).

Жұрт маска таба алмай сарсаңға түсті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG