Accessibility links

ҰҚК "Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған" ДАИШ жақтаушысы қамалғанын хабарлады


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты. Көрнекі сурет.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда "теракт ұйымдастырмақ болды" деп күдікке ілінген ДАИШ ("Қазақстанда тыйым салынған, өздерін "Ислам мемлекеті" деп атайтын экстремистік топтың араб тіліндегі атауының қысқартылған нұсқасы - ред.) жақтаушысының қамалғанын хабарлады.

"Қамалған адам Наурыз мерекесін тойлау кезінде адамдар көп жиналатын орындарда теракт әзірлеуге тырысты деп күдікке ілінген. Тергеу амалдары кезінде одан екі граната тәркіленді. Оның үстінен "Терроризм" және "Экстремизм немесе терроризмді қаржыландыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған" делінген ҰҚК мәлімдемесінде.

Хабарламада бұдан басқа дерек айтылмайды.

Былтыр Алматы соты "қалада теракті ұйымдастырмақ болды" деп айыпталған Тәжікстанның жеті азаматын 12 мен 18 жыл аралығында бас бостандығынан айырған еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда террордың алдын алу

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG