Accessibility links

Мәскеуде полиция бөлімшесінде құқық қорғаушы Лев Пономаревті ұрып-соққан


Құқық қорғаушы Лев Пономарев.
Құқық қорғаушы Лев Пономарев.

Мәскеуде "За права человека" қозғалысының жетекшісі 78 жастағы Лев Пономарев ауруханаға түсті. "Интерфакстың" хабарлауынша, Мәскеудегі ФСБ ғимараты алдында рұқсат етілмеген акция кезінде ұсталған Пономарев ауруханаға полиция бөлімшесінен жеткізілген. Дәрігерлер одан "ми шайқалу" белгілерін тексеріп жатқанын хабарлады.

Ауруханаға жатқызу туралы шешімді жедел жәрдем қызметінің өкілдері қабылдаған. Дәрігерлер бірнеше жыл бұрын Пономаревтің инфарктіге ұшырағанын ескерген. Бұл туралы оның адвокаты Василий Кушнир айтты. Адвокаттың сөзіне қарағанда полицияда Пономаревтің үстінен хаттама толтырмаған. Алайда онымен бірге ұсталған тағы 11 адамның үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған.

Пономаревтің айтуынша, оны акция кезінде ұсталған тағы бір адаммен бірге белгісіз біреулер бөлімшеде ұрып-соққан. Мәскеу қоғамдық комиссиясының мүшесі Марина Литвинович Facebоok-та полиция бөлімшесінен түсірілген суреттер мен видео жариялады.

"ОВД-Инфо" дерегінше, 14 наурызда Мәскеуде саяси қудалауға қарсы акция кезінде шамамен 50 адам ұсталған. Белсенділер ФСБ ғимаратының алдына жиналып, "Сети" ісі бойынша (Ресейде террористік ұйым деп танылған) айыпталғандарды қолдаған. Олар сонымен бірге Конституцияға енгізілетін түзетулерге де қарсылық білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG