Accessibility links

Ақ үй дәрігері: Трамптан коронавирус табылмады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамптан коронавирус табылмады деп хабарлады Ақ үй дәрігері.

"Кешке жақын коронавирустың расталмағаны туралы дерек алдым" деді дәрігер Шин Конли 14 наурыз күнгі брифинг кезінде.

"Бір апта бұрын Мар-а-Лагода бразилиялық делегациямен ас ішкен президентке вирус жұқпаған" деді ол.

Бұған дейін АҚШ-тың Флорида штатында Трамппен кездесіп, ас ішкен бразилиялық президент делегациясының құрамындағы үш адамнан коронавирус анықталған еді. Бразилияның Вашингтондағы елшілігінің хабарлауынша, қабылдау кезінде Трамппен бірге үстел басында отырған уәкіл және президент көмекшісінен вирус табылған. Ал Бразилия президенті Жаир Болсонарудан коронавирус табылмаған.

Бұған дейін Ақ үй тест тапсыруға негіз жоқ деп мәлімдеген еді.

Ақ үйде Трамп айналасындағы адамдар да тексеріле бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG