Accessibility links

Қапшағайда снаряд жарылып, бір адам қаза болды


Әскери снаряд. Көрнекі сурет.
Әскери снаряд. Көрнекі сурет.

Қорғаныс министрлігі Қапшағайда қара металл өткізу пунктінде авиациялық снаряд жарылып, бір адам қаза болғанын хабарлады.

"14 наурызда Қапшағай қаласында қара металл өткізу пунктінде жарылыс болды, авиациялық снарядты кеспек болған кезде жарылыс болды деген болжам бар. Жарылыстан металл сұрыптайтын жұмысшы көз жұмды. Пункт иелерінің сөзіне қарағанда 13 наурызда кешкісін белгісіз үш адам (қазір олар ұсталған) металл бөлшегін әкеліп өткізген. Арасында басқарылмайтын бөлшектенген авиациялық снаряд та болған" делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Министрлік оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Ведомство снарядтар Қапшағай маңындағы "Қазақстан" оқу-жаттығу полигонынан заңсыз әкелінген болуы мүмкін деп болжайды. Жыл сайын ол жақта шамамен бес мың зымыран атып түсіріледі.

Министрліктің айтуынша, әрбір оқу-жаттығу кезеңінен кейін (сәуір-мамыр, қазан-қараша) инженерлік-саперлік топтар полигонда атылмай қалған оқ-дәрілерді жинап, тазартады. Алайда кейбір бөлшектер жерге көміліп қалуы мүмкін. Аумақ күзетілгенмен металл жиинаушылар тыйым салынған полигон аумағына кіріп, оқ-дәрі бөлшектерін жинап, заңсыз өткізеді. Түсіндіру жұмыстарына қарамастан металл өткізу пунктері оларды заңсыз қабылдай береді дейді министрлік.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG