Accessibility links

АҚШ федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені 0-0,25%- ға дейін азайтты


Федералды резерв жүйесінің төрағасы Жером Пауэл
Федералды резерв жүйесінің төрағасы Жером Пауэл

АҚШ президенті Дональд Трамп базалық мөлшерлемені 0 - 0,25%- ға дейін азайту туралы федералды резерв жүйесінің шешімін мақұлдады. Бұған дейін Трамп коронавирустан туған дағдарысқа тиімді қарсы тұру үшін ФРЖ басшылығын пайыздық мөлшерлемені төмендетуге шақырған.

Банк Goldman Sachs Group пандемияға байланысты АҚШ-тың бірінші кварталдағы экономика өсімі жайлы болжамды төмендетті. Банк биылдың алғашқы үш айындағы жалпы ішкі өнім бастапқы болжамдағыдай 0,7% емес, 0% деп бағалады.

Банк болжамынша, екінші кварталда өсім орнына 0,5% құлдырайды, үшінші кварталда АҚШ жалпы ішкі өнімі 1% - 3% аралығында болады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG