Accessibility links

Шымкентте Өзбекстанның 4 азаматы "газдан уланып", қайтыс болды


Солтүстік саяжай шағын ауданында тұрғын үйге тартылған газ құбыры. Шымкент, 19 тамыз 2019 жыл. Көрнекі сурет.
Солтүстік саяжай шағын ауданында тұрғын үйге тартылған газ құбыры. Шымкент, 19 тамыз 2019 жыл. Көрнекі сурет.

16 наурызда Шымкентте Өзбекстанның бес азаматы газдан уланып, төртеуі қайтыс болды. Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Абдуллақызының Азаттыққа хабарлауынша, бүгін таңертең Еңбекші ауданындағы фосфор зауытының аумағында тұрған дүңгіршектен 4 адамның мүрдесі табылған. Бір адам ауыр халде қаладағы Тұрмахан Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына жеткізілген.

- Барлығы Өзбекстан азаматы. Жеке кәсіпкер оларды зауыт аумағындағы қоқысты тазалауға жалдаған, - дейді баспасөз хатшысы.

Тұрмахан Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Мәдина Ермаханбетова сөзінше фосфор зауыты аумағынан жеткізілген 22 жастағы Өзбекстан азаматы жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Дәрігердің айтуынша, ол табиғи газдан уланған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG