Accessibility links

Соңғы тәулікте әлемде коронавирустан 620 адам қаза болды


16 наурыздың кешіндегі мәліметке қарағанда, әлемде 181 928 адам коронавирус жұқтырған, соңғы тәулікте 12352 адамнан коронавирус табылған, 620 адам өлген.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар ресми мәлімет бойынша 100-ге жетті. Ресей Белоруссиямен шекарасын жауып, 18 наурыз бен 1 мамыр аралығында шетел азаматтарының кіруіне шектеу қойды. Мәскеуде 10 сәуірге дейін 50 адамнан асатын жиын, шаралардың барлығына тыйым салынды.

Еуропа мемекеттері де қатаң шараларды жалғастырып жатыр. Еврокомиссия төрғасаы Урсул фон дер Ляйен аса қажеттілік болмаған жағдайда Еуродақ аумағына кіруді 30 күнге дейін уақытша шектеуді ұсынды. Еврокомиссия басшысы тіршілікке қажетті жүк тасымалы үшін «жасыл коридор» құру қажеттігін айтты.

18 наурыздан Франция үкіметі мектептер мен университеттерді жабады. 13 сәуірге дейін Финляндия төтенше жағдай режимінде тұрады.

Коронавирустан ең көп адам өлген ел – Италия. Бұл елде бір тәулікте 349 адам, эпидемия басталғалы 2158 адам өлген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG