Accessibility links

Төтенше жағдайға байланысты кредитін төлей алмағандарға айыппұл салынбайды


Көрнекі сурет.

Төтенше жағдайға байланысты қарыздарын немесе микрокредиттерін төлей алмаған жеке және заңды тұлғаларға Азаматтық кодекстің 359-бабы бойынша айыппұл немесе өсімпұл салынбайды. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова хабарлады.

Әбілқасымованың сөзіне қарағанда, бұл норманы жеке және заңды тұлғаларға қарыз берген банктер мен микроқаржы ұйымдарының (ломбардтар, кредит серіктестіктері, тб) барлығы орындауы тиіс.

Агенттік төрайымының баяндамасы бойынша «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк ісі туралы» заңның 34 бабы 3 тармағы және «Микроқаржы ісі туралы» заңның 3 бабының 6 тармағына сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайға байланысты қаржы жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне төлем мерзімін ұзарту жөнінде жұмыс жүргізуі керек».

Үкімет отырысында бұл жеңілдік төтенше жағдайға байланысты беріліп отырғаны айтылды.

Президент Қасым - Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Халыққа 42 500 теңгеден гөрі вирус қауіпті екенін түсіндіру керек"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:07 0:00
XS
SM
MD
LG