Accessibility links

Италияда вирустан көз жұмғандар саны Қытайдан асты


Көрнекі сурет.

19 наурызда Италияда бір тәулік ішінде коронавирус жұққан бес мыңнан астам адам анықталды, 427 адам қайтыс болды. Елде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 40 мыңнан асты. 3405 адам қайтыс болды. Осылайша Италияда вирустан көз жұмғандар саны Қытайдан асты. Қытайда ресми дерек бойынша коронавирустан 3245 адам қайтыс болған.

Қызыл крест ұйымының Қытайдағы өкілдігінің вице-президенті Сунь Шуопень Ломбардия провинциясына сапарынан кейін билікті "жұмсақ режимдегі карантин енгізгені үшін" сынады. Сунь Шуопень журналистерге барлық шаруашылық жұмысын тоқтатуы тиіс, адамдар үйлерінен шықпауы тиіс деді. Қытай маманы көп адамның қоғамдық көліктерде жүретінін айтып, адамдардың маска тақпайтынын ескерткен.

Желтоқсан айының соңында вирус тараған Қытайдың өзінде жергілікті биліктің айтуынша, СOVID-19 эпидемиясының беті қайтқан. Алайда дәрігерлер билік деректерді бұрмалауы да мүмкін дейді.

Соңғы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 230 мыңнан асқан, 9 мыңнан астам адам көз жұмған. 85 мыңнан астам адам айыққан.

Видео: Маска және коронавирус жайлы ең маңызды бес дерек

Маска және коронавирус жайлы ең маңызды бес дерек
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Азаттық көрсеткен мүгедек ерлі-зайыптыға жұрт үй алып берді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:48 0:00
XS
SM
MD
LG