Accessibility links

Үндістанда "зорлау ісі" бойынша айыпталған төрт адам дарға асылды


"Зорлағандарға - өлім жазасы" деген жазуы бар плакат ұстаған наразылар. Мумбай, желтоқсан айы 2020 жыл.
"Зорлағандарға - өлім жазасы" деген жазуы бар плакат ұстаған наразылар. Мумбай, желтоқсан айы 2020 жыл.

20 наурызда Үндістанда 2012 жылы автобуста "әйел адамды зорлап, өлтірді" деп айыпталған төрт тұтқын дарға асылды. Қоғамды түршіктірген бұл қылмыстан кейін Үндістанның әр аймағында наразылық акциялары өтті. Үндістанның ақпарат құралдарының жазуынша, төрт тұтқын Дели маңындағы түрмелердің бірінде таңертең дарға асылған.

Қоғам наразылығын туғызған оқиға 2012 жылы 16 желтоқсанда кешке болған. Алты ер адам кинодан қайтып келе жатқан 23 жастағы медициналық институттың студентін автобусқа алдап кіргізіп, ұрып-соғып, зорлаған. Екі аптадан соң жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

Қылмыстық іс бойынша алты адам ұсталған. Олардың бірі 2013 жылы наурыз айында түрмеде көз жұмды. Ол өзіне қол жұмсаған деген дерек бар. 2013 жылы төрт айыпталушы - жаттықтыру залының инструкторы, автобус тазалаушысы, сатушы және жұмыссыз жүрген бір адамды өлім жазасына кесу туралы үкім шыққан. Тағы бір айыпталушы үш жыл колонияда жазасын өтеп, 2015 жылы бостандыққа шықты. Оның бостандыққа шығуы халық наразылығын үдетті. Үндістан заңы бойынша өлім жазасы - кәмелетке толмағандарға тағайындалған ең қатал жаза.

Кейінірек Үндістанда зорлау қылмысына жаза күшейтілді. Парламент ауыр қылмыс жасаған 16 жасқа толғандарды ересектермен бірге жазалауға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG