Accessibility links

Ресей коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізе бастады


Зертханада жұмыс істеп жатқан маман.
Зертханада жұмыс істеп жатқан маман.

Ресейлік "Роспотребнадзор" мекемесіне қарасты "Вектор" вирусология және биотехнология ғылыми орталығы COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы екпенің прототипін сынақтан өткізе бастағанын хабарлады.

Ведомствоның айтуынша, вакцинаның тиімділігін анықтау үшін оның иммундық реакцияны қоздыру қабілетін сынау керек. Зерттеушілер сонымен бірге вакцинаның ең тиімді мөлшері мен еселігін анықтаймыз деп отыр. Ғалымдар 2020 жылдың соңына таман вакцинаны енгізуге болады деп болжайды.

16 наурызда АҚШ коронавирусқа қарсы екпені сынақтан өткізе бастағанын хабарлаған еді. Денсаулық сақтау институты мен Moderna компаниясының бірігіп шығарған препарат дозасы 18 бен 55 жас аралығындағы 45 еріктіге салынады деп хабарланған. Препаратта вирус жоқ, сондықтан еріктілерге коронавирус жұғады деген қауіп жоқ. Сынақтың мақсаты - вакцинаның жанама әсерін анықтау. Егер ол сәтті өтсе, сынақтың ауқымы кеңейеді.

Әлемде ондаған зерттеу ұйымы коронавирусқа қарсы вакцина шығарумен айналысып жатыр. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алғашқы вакцина кемінде жарты жылдан кейін пайда болады деп мәлімдеген.

Қазақстанның ресми орындары да 20 наурызда қазақстандық зерттеушілердің коронавирусқа қарсы вакцина шығару мәселесімен айналыса бастағанын хабарлады. Онымен ұлттық биотехнология орталығы және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу институты айналыспақ.

Желтоқсан айының соңынан бері әлемде коронавирустан он мыңнан астам адам көз жұмды. Соңғы тәулікте көз жұмғандар саны екі мыңнан асты. Бұл соңғы екі айдан бергі жоғары көрсеткіш.

Қарай отырыңыз: Вирус деген не?

Вирус деген не?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:32 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG