Accessibility links

Нұр-Сұлтанда тағы үш адамнан вирус табылды


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан қаласында тағы үш адамнан коронавирус табылғанын мәлімдеді. 20 наурызда Қазақстанда 8 адамнан вирус табылды. Елде барлығы 52 адам Covid-19 дертіне шалдыққан.

  • Нұр-Сұлтан - 28 науқас
  • Алматы - 22 науқас
  • Қарағанды - 2 науқас

Қазақстанда коронавирустың тарауына байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Карантин режимі кезінде қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханалар тұтынушыға ас-суды үйіне жеткізіп береді. 22 наурыздан бастап Алматы қаласында темір жол және әуе қатынасын толық тоқтату жоспарланған.

Өткен жылдың соңында Қытайда алғаш рет тіркелгелі бері әлемде коронавирус 220 мыңнан астам адамға жұқты. Содан бері он мыңнан аса адам қаза болып, 80 мыңнан астам науқас дерттен айықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын "пандемия" деп жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG