Accessibility links

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12-ге жетті


Сузак ауданы. Қырғызстан.
Сузак ауданы. Қырғызстан.

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12-ге жетті. 21 наурызда Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Толо Исаков тағы алты адамнан вирус табылғанын хабарлады. Баткен облысы Баткен ауданының бір тұрғыны, Жалалабад облысы Сузак ауданының бес тұрғынына инфекция жұққан.

Исаковтың айтуынша, оқшауланған науқастар емделіп жатыр.

Қырғызстанда 18 наурызда алғаш рет үш адамнан коронавирус табылған еді. Сауд Арабиясынан келген ұшақ бортында 144 адам болған. Олар карантинге жатқызылды. 20 наурызда Ош облысы Ноокат ауданынан тағы үш адамнан табылды. Науқастардың жасы - 67, 71 және 77-де. Олармен байланыста болған 169 адам дәрігерлер бақылауына алынған. Алтауы да Сауд Арабиясына кіші қажылыққа барып келген. Бұл жолаушылармен байланыста болған мыңнан астам адам үй карантинінде немесе стационарда жатыр.

Сегіз науқас анықталған Қырғызстанның Сузак ауданында төтенше жағдай жарияланған.

21 наурыз күнгі дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 265 мыңға жеткен. Вирустан көз жұмғандар саны 11 200-ден асты. 90 мыңнан астам адам айыққан.

Қарай отырыңыз: Иран жұрты коронавирусқа қарсы күреске қалай бірікті?

Иран жұрты коронавирусқа қарсы күреске қалай бірікті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:49 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG