Accessibility links

Украинаның екі облысы мен Киевте коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды


Украиналық дәрігерлер Польшадан эвакуацияланған жолаушыларды тексеруге кетіп барады. 20 наурыз 2020 жыл.
Украиналық дәрігерлер Польшадан эвакуацияланған жолаушыларды тексеруге кетіп барады. 20 наурыз 2020 жыл.

Украинаның екі облысы мен Киевте коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді.

Премьер-министр Денис Шмыгаль Киев қаласы, Днепропетров және Иваново-Франков облысында ТЖ жарияланғанын хабарлады.

"Әзірге қандай да бір шектеу жоқ. Төтенше жағдай режимі COVID-19 коронавирус инфекциясымен күреске күшті жұмылдыруға бағытталған" деп жазды ол Telegram-да.

Бұған дейін Украинаның Житомир, Черновицк және Киев облыстарында коронавирус табылып, төтенше жағдай жарияланған еді. ТЖ кезінде аймақ басшылары вирустың таралуын тоқтату үшін шара қолданып, күн сайын денсаулық сақтау министрлігіне есеп беруі тиіс.

Соңғы дерек бойынша, Украинада 41 адамға коронавирус жұққан. Үш адам вирустан көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG