Accessibility links

Стамбулда 20 түркімен мигранты арақтан уланып қайтыс болды


Көк мешіттің алдында жүгері сатып тұрған сатушылар. Стамбул, 20 ақпан 2020 жыл.
Көк мешіттің алдында жүгері сатып тұрған сатушылар. Стамбул, 20 ақпан 2020 жыл.

Түркия полициясы кемінде 20 түркімен мигранты қолдан әзірленген арақтан уланып қайтыс болды деп хабарлады. 60 адам ауруханаға түскен​, олардың жағдайы ауыр деп хабарлады Азаттықтың Түркімен қызметі. Бұл ақпаратты Түркияның бірқатар ақпарат құралдары да растады.

"Екі күн ішінде қолдан жасалған арақ ішкен оннан астам түркімен мигранты қайтыс болды. Ондаған мигрант ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр деп айтты" деді Азаттыққа аты-жөнін айтпаған Стамбулдағы дереккөзі.

"Жалпы 15 адам қайтыс болды: бесеуі - Зейтинбурну, бесеуі - Башакшехир, екеуі - Гюнгерен, екеуі - Эсенюрт, біреуі Фатихта қайтыс болды. 60 науқас интенсивті терапия бөлімінде емделіп жатыр" деп хабарлады CNN Turk телеарнасы. Олардың басым бөлігінің жағдайы ауыр.

Түркия полициясы қолдан жасалған арақ сатты деп күдікке ілінген кемінде 11 адамды ұстаған. Тінту кезінде олардан арақтан бөлек, тіркелмеген бірнеше қару, оқ табылған.

Түркия билігі азаматтарға жасанды арақ алмау қажеттігін ескертті. Түркияның ақпарат құралдарының жазуынша, мигранттар коронавирустан қорғану үшін таза спирттен дайындалған арақ ішкен. Алайда Азаттықтың Стамбулдағы дереккөзі бұл ақпараттың растығына көз жеткізе алмады.

Полицияның болжамынша, мигранттар этил емес, метилдан әзірленген жасанды ішімдік ішіп, уланған болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG