Accessibility links

Әлемде коронавирус жұққандар саны 305 010 адамға жетті


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

21 наурыз кешке әлемде коронавирус жұққандар саны 305 010 адамға жетті. Бір тәулік ішінде 1607 адам көз жұмды.

21 наурызда журналистермен кездесу кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп әрбір азамат билік талаптарын орындап, карантин ережесін қатаң сақтауы керек деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда коронавирус зардабын жою үшін АҚШ экономикасына бір триллион доллар көлемінде көмек беріледі.

АҚШ-та коронавирусты анықтау бойынша жүргізілген тестке 195 мыңнан астам азамат қатысқан, 19 343 адамнан коронавирус табылған. Кейбір БАҚ АҚШ-та коронавирус жұққандар саны 21 мыңнан асқанын хабарлады.

Роберт Кох институтының дерегінше, Германияда 21 наурыз күнгі дерек бойынша 16 662 адамнан вирус табылған. Осы уақытқа дейін 46 адам көз жұмған.

Францияда соңғы бір тәулік ішінде шамамен екі мың адамға вирус жұққан. Эпидемия басталған уақыттан бері елде 562 адам көз жұмған. Соңғы тәулікте 112 адам қайтыс болған. Елде науқастар саны 14,5 мың адамға жетті.

"Жағдай жылдам өзгеріп барады, жақын арада эпидемияға тап боламыз" деп ескертті денсаулық сақтау министрлігі.

Билік мұнда үйден алыс емес аумақта спортпен айналысу, қажет тауар мен азық-түлік сатып алу, дәрігерге бару, жақындарға көмектесу және жұмысқа бару үшін ғана үйден шығуға рүқсат береді. Карантин режимін бұзғандарға 135-375 еуро аралығында айыппұл салынады.

Қарай отырыңыз: Маска және коронавирус жайлы ең маңызды бес дерек

Маска және коронавирус жайлы ең маңызды бес дерек
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG