Accessibility links

Арнайы өкіл: Ауған билігі Талибанмен тұтқын алмасу бойынша келіссөз жүргізді


АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад.
АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад.

Ауғанстан үкіметі Талибанмен алғаш рет тұтқын алмасу бойынша келіссөз жүргізді. Бұл туралы АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзад хабарлады.

"Екі жақтан да тұтқындардың босатылуы - бейбітшілік процесіндегі маңызды қадам" деп жазды Халилзад 22 наурызда Twitter-де.

Келіссөз коронавирусқа байланысты Skype арқылы өткен. Оны АҚШ және Катар ұйымдастырған. Халилзадтың айтуынша, жаңа коронавирустың таралуы тұтқындарды босату мәселесін жылдам шешуді талап етіп отыр.

Ауғанстан 22 наурызда елде коронавирустан бірінші адам өлгенін растады. Соңғы дерек бойынша, елде 34 адамнан вирус табылған.

Наурыз айының басында АҚШ пен Талибан радикалды қозғалысы тарихи келісімге қол қойған еді. Бұл келісім жүзеге асса, Ауғанстаннан шетел әскері әкетілуі мүмкін, елде 18 жылға созылған қақтығысқа нүкте қойылуы мүмкін.

29 ақпан күнгі Ауғанстан мен ауған үкіметінің бірігіп жасаған мәлімдемесінде "егер Талибан келісімде жазылған міндеттерді орындаса, АҚШ пен НАТО 14 ай ішінде Ауғанстаннан алып кетеді" деп жазылған.

"Барлық тараптар күш қолдануды азайту, барлық аумақта атысты толық тоқтату және Ауғанстанның өз ішінде жүргізілетін келіссөздерді орындауға келісті" деді Халилзад.

Ауған үкіметі мен Талибан арасында келіссөз екі күннен соң жалғасады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG