Accessibility links

Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырғандар 36-ға жетті


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 24 наурызда 22.30-да Нұр-Сұлтанда тағы бар адамнан вирус табылғанын хабарлады.

Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 70 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 36 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам, Шымкентте бір адам емделіп жатыр.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Бұдан бөлек, Германияда бір және Венгрияда бір қазақстандықтан вирус табылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Германиядағы қазақстандықтың жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Бұл екі қаладағы барлық сауда орыны мен ойын-сауық орталығы жабық. Тек азық-түлік сататын орындар мен дәріханалар ашық. Ал карантин жарияланбаған басқа аймақтарда базарлар, сауда орындары ашық.

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде Covid-19 індетіне шалдыққандар 15 сәуірден кейін азая бастайды деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG